8 ноября 2021 г.

Қазақстан мектептерінің тек 30 пайызы ғана дабыл тетіктерімен қамтамасыз етілген

Қазақстан мектептерінің тек 30 пайызы ғана дабыл тетіктерімен қамтамасыз етілген

Бұл туралы «Пятый регион» Ішкі Істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың мәжілістегі үкімет сағатында мәлімдегенін хабарлайды. 

«Біз облыс пен аудан орталықтарындағы барлық мектептерді тексерістен өткіздік, оларды техникалық қорғау құралдарымен – дабыл тетіктерімен, бейнекамералармен, арнайы қорғаныс құралдарымен жабдықтау алгоритмі анықталынды. Бүгінде 100% мектеп бейнебақылаумен, 30%-ы – дабыл тетіктерімен, 30%-ы әзірге арнайы күзет құрылымымен күзетілуде. Жылдың соңына дейін біз бұл жұмысты аяқтап, 100%-ға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Әрине бұл жергілікті атқару орындарына, қаржыландыруға байланысты, себебі білім басқармасы жергілікті атқару органдарының балансына кіреді», - деді Е. Тұрғымбаев. 

Мұнан өзге министр полицияның әр мектепті күзетуі тиіс емес екенін де айтып өтті, себебі бұл колония немесе жабық мекеме емес. 

Сондай-ақ полицейлердің жалақысын арттырады: «(...) 2023 жылға шейін біз қызметкерлердің жалақысын 50 пайыздан 90 пайызға шейін арттырамыз. Осыған байланысты сержанттың жалақысы 81 мыңнан 101 мыңға шейін, лейтанаттың жалақысы 130 мыңнан 174 мың теңгеге дейін артатынын» айтып өтті Е. Тұрғымбаев. 

Сонымен қатар үкіме сағатында балалардың жыныстық қолсұғушылыққа қарсы қылмыс мәселелері де талқыланды. Ерлан Тұрғымбаевтың ақпаратына сәйкес, жарты жылда «қылмыстың 60%-ы отбасылық-тұрмыстық салада орын алған. 20% жәбірлеушілер – бұлар әкелер, өгей әке, аналарының бірге тұрған адамдары. Қалған 50%-ы жәбірленушілердің жақын туыстары болып табылады. Бұл  ең алдымен, қоғамның басты мәселесі. Бұл отбасының адамгершілік қасиетінің төмендігі, бұл қоршаған ортаның адамгершілік қасиетінің төмендігі, сондай-ақ тұрмыстық саладағы тәрбиенің әлсіздігі». 

Министр 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап бақылауда тұрған педофилдерге қатысты арнайы электронды білезіктер қолданылатындығын болжамдады.


Другие новости