15 марта 2023 г.

Дәурен Төлеген: Мен халқымның әлеуметтік ахуалын арттыру үшін сайлауға барамын!

Дәурен Төлеген: Мен халқымның әлеуметтік ахуалын арттыру үшін сайлауға барамын!

Төлеген Дәурен Төлегенұлы – Қарасай аудандық мәслихатының депутаттығына №30 сайлау округі бойынша кандидат.

Алматы облысының ғана емес, жалпы еліміздің спорт саласында өзіндік орны бар азаматтың бүгінге дейін жеткен жетістіктері де аз емес. Кандидаттың өмірдерегіне қысқаша тоқталып өтсек, 1981 жылы 3 қарашада Түркістан облысы Бәйдібек ауданы, Шаян ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары.

  • Еңбек жолын 2010-2015 жылдары Астана, Алматы  қалаларында  АОСК-да (ЦСКА) аға жаттықтырушы болып жұмыс атқарған және бұқаралық спорт бөлімінің басшысы болған.
  • 2016 жылы Астана қаласындағы футбол федерациясында «Diamond- Ring» промоутер компаниясында спорт директоры болды.
  • 2017-2019 жылдары Қарасай ауданы Қаскелең қаласы №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде директор қызметін атқарды.
  • 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қарасай ауданы Шамалған ауылы «Үшқоңыр» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының спорт шебері,  Қазақстан Республикасының бокстан еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Алматы облысының спорт саласының үздігі, Алматы облыстық бокс федерациясының президенті.

Дәурен Төлегенұлы бұған дейін Қарасай аудандық мәслихаттың Шамалған ауылдық округі бойынша жауапты депутаты болған. Осы кезеңде өзінің тарапынан жергілікті тұрғындардың жағдайымен жақын танысып, барынша қолдау көрсетуге тырысты. Ай сайын өзінің депутаттық қабылдауын өткізіп, көмек сұраған мұқтаж жандардың әлеуметтік мәселелерін шешуде алдан көрінді. Тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларын өзі арнайы барып аралап, әсіресе балалардың еңсесін тіктеу үшін жомарттығын байқатты. Округ әкімімен ауызбіршілікте жұмыс істеп, түйткілді проблемаларды аудандық, облыстық әкімдік назарына ұсынды. 

Қазіргі таңда Дәурен Төлегенұлы осы жиған тәжірибесін шыңдап депутаттыққа қайта келуді мақсат етуде. Ол депутаттықты мансап деп емес, азаматтық борыш ретінде санайтынын жасырмайды.

Кандидаттың сайлауалды бағдарламасына назар аударатын болсақ, толығымен халық шешімін күтетін мәселелерді қамтығанын аңғаруға болады. Жұмыссыздықты жою, елдімекендердің инфрақұрылымын жақсарту, қарапайым халықтың кәсіппен айналысуына мүмкіндік туғызу, ауызсу проблемасына нүкте қою, жастарға қолдау көрсету, әлеуметтік нысандардың техникалық базасын жақсарту, міне осының барлығы бағдарламада толықтай тізбектелген.

Ал, кандидат өзінің сайлауға түсудегі мақсатын төмендегідей түсіндіреді: Мен Қарасай өңірі тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын едәуір арттыру бойынша қойылған міндеттерді шешу үшін сайлауға барамын. Біз мықты мемлекет құру жолында, бірге барлық мақсаттарға қол жеткізе алатынымызға сенімдімін!»

Осы сөздерінен-ақ, Дәурен Төлегенұлының азамат ретіндегі шынайы болмысы аңғарылып, алдағы жоспарлары анық көрінетіндей