«Әділет» партиясынан Алатау қалалық мәслихатының №9 сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидат Ерік Әзілжанұлы Абитов 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын ұсынды. Онда қаланы дамыту және Жетіген тұрғындарының күнделікті мәселелерін шешу басымдықтары қамтылған.
Тәжірибе мен жауапкершілік
Ерік Әзілжанұлы Абитов 1979 жылғы 29 қарашада дүниеге келген. Заңгер, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын тәмамдаған. Әр жылдары жобалау ұйымын басқарған, Алматы облыстық мәслихатының депутаты, бюджет комиссиясының төрағасы және ішкі саясат басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. Құқық, бюджет және жергілікті басқару салаларында тәжірибесі бар.
Жетігенге ерекше назар
Кандидат Жетігеннің өзекті мәселелерін көтеріп, шешілуін бақылауды көздейді:
* Су және электр: су құбыры желілерін жаңғырту сапасы мен мерзімін бақылау, тұрақты электрмен жабдықтау мәселесін көтеру.
* Жол және көлік: көшелерді жөндеу, қазу жұмыстарынан кейін жол жамылғысын қалпына келтіру, жарықтандыру, тротуарлар мен қауіпсіз өткелдер салу, қоғамдық көлікті жақсарту.
* Аулалар мен тазалық: аулаларды абаттандыру, балалар алаңдарын жаңарту, қоқысты уақтылы шығару, заңсыз қоқыс орындарын жою, арықтарды күтіп-ұстау. Жұмыс кезектілігін тұрғындармен бірге анықтау.
Бағдарламаның негізгі бағыттары
Бағдарлама тоғыз бағыттан тұрады:
* Заң мен тәртіп – жол қауіпсіздігі, зорлық-зомбылықтың, есірткі қылмыстары мен интернет-алаяқтықтың алдын алу.
* Тиімді институттар және ашық диалог – тұрғындардың ұсыныстарын жоспар мен бюджетке енгізу, депутаттық сауалдар жолдау, жобаларды бақылау.
* Инфрақұрылым және көлік – жол, ауызсу, кәріз және электр желілерін жаңғырту, қоғамдық көлік сапасын жақсарту.
* Әділетті экономика және өнеркәсіп – кәсіпкерлікті, ауыл шаруашылығын және су үнемдеу технологияларын қолдау.
* Цифрлық мемлекет және инновациялар – интернет сапасын, электрондық қызметтердің қолжетімділігін және цифрлық сауаттылықты арттыру, жасанды интеллект құралдарын меңгерту.
* Әлеуметтік ынтымақтастық және қолжетімді медицина – медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, балалар мен қарттарды қолдау, оңалту қызметтерін дамыту.
* Адами әлеует, білім және жастар – мектептер мен балабақшалардағы орын тапшылығын азайту, инклюзивті білім беруді, жастарды жұмыспен қамтуды, спорт пен шығармашылықты қолдау.
* Мәдениет және волонтёрлік – кітапханалар мен жастар кеңістіктерін, шығармашылық ұжымдарды қолдау, мемлекеттік тіл мен тарихи жадты сақтау, этносаралық келісім және волонтёрлікті дамыту.
* «Таза Қазақстан» және экология – қоқысты уақтылы шығару, қалдықтарды сұрыптау, арықтарды күтіп-ұстау, ағаш отырғызу және күту.
Жұмыс қағидаты
Кандидат тұрғындардың өтініштерін жинақтап, жауапты органдарға сауал жолдауды, мәселелердің шешілу барысын бақылауды, азаматтарды қабылдап, нәтижелер туралы есеп беруді көздейді.
Басты қағидат: «Өтініш → ұсыныс → бақылау → нәтиже».
Тапсырыс беруші: «Әділет» партиясынан Алатау қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Е. Ә. Абитов (№9 сайлау округі).
Төлем көзі: республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.
Орналастырған: «LIFE KOMEK» ЖК («5 Region» желілік басылымы).







